Алматы облысында 122 мың қарт кісілер вакцина салдырды

244
Алматыда  бір тәулікте 3238 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл жөнінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«25 қараша күні 3238 алматылық тұрғындар вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 993, II компонентін – 1 245 адам салдырған. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 қараша аралығында қалада 1 020 869 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 975 425 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 010 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.