"Маскасы жарқырайды": Ғалымдар ауруды анықтайтын ерекше тәсіл ойлап тапты

301

Ғалымдар коронавирус жұқтырған кезде ультракүлгін сәулелену әсерінен жарқырайтын арнайы қорғаныс маскаларын жасап шығарды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Japan Times сайтына сілтеме жасап.

Жапонияның Киото префектура университетінің ғалымдарының айтуынша, түйеқұстардың ағзадағы бөгде заттарды бейтараптандыратын бірнеше антидене шығаруға қабілетті екені анықталған. Сондықтан ғалымдар өткен жылдың ақпан айында аналықтарға коронавирустың белсенді емес және қауіпсіз түрін енгізіп, түйеқұс жұмыртқаларынан антиденелер алған. Осыдан кейін антиденелерді флуоресцентті бояғышқа қосып, олардан маска сүзгісін өңдіріп шығарған. Егер маскаға вирус түссе, ол жарқырайтын болады. 
"Түйеқұс антиденелерін төмен бағамен жаппай өндіре аламыз. Болашақта мен әркім пайдалана алатын қарапайым сынақ жинағын жасап шығарғым келеді", - дейді университет президенті Ясухиро Цукамото.

Цукамато ойлап тапқан маскасының көмегімен өзінің COVID-19 жұқтырғанын анықтаған. Тестілеу кезінде оның қорғаныш маскасы ультракүлгін сәуледе жарқырай бастаған, содан кейін ол ПТР тестін тапсырып, нәтижесі оң болып шыққан. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.