Әлемде ең алғаш рет науқас адам ВИЧ ауруынан жазылып шықты

440

Америкалық дәрігерлер АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған әйелді емдеп шығарды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.


Ол әлемде осы вирустан жазылып шыққан алғашқы әйел адам болып тіркелді. 

Науқаста АИТВ инфекциясы 2013 жылы анықталған. Ал 2017 жылы оған аққан (лейкемия) диагнозы қойылған. Ол екі дертке қарсы бір уақытта ем қабылдады. Алайда бұл тәсіл қауіпті. Дәрігерлердің айтуынша, оны рактың соңғы сатысымен ауыратын науқастарға қолдануға болмайды. 

Әйелді емдеу үшін дәрігерлер вирусқа қарсы тұратын сирек кездесетін генетикалық мутацияға ұшыраған донор табу қажет болды. Сондай-ақ, дәрігерлер науқастың бағаналық жасушаларын ауыстыру және кіндік қанын құю арқылы оны емдеді. 

Әйел емдеу курсынан осыдан төрт жыл бұрын өткен. Обыр дерті ремиссия (ауру бетінің қайтуы) сатысына көшкен, ал АИТВ вирусынан ем қабылдау өткен қыста аяқталған. Содан бері оның ағзасында вирус белгілері байқалмады. Қайта тапсырылған анализдер де көбейетін вирус жасушаларын анықтаған жоқ. Бірнеше жылдан кейін оның анализдері таза болып шықса, дәрігерлер оны вирустан құлан таза айығып шыққан науқас деп есептейді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.