COVID-19 инфекциясынан кейін қанда тромбтардың пайда болу қаупі 290 есеге артады

441
Зерттеуші мамандар, коронавирусқа шалдыққан науқастарда 6 ай бойы қанда тромбтардың пайда болу қаупі 290 есеге артады дейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар 2020 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін коронавирусқа шалдыққан миллионнан астам адамның денсаулығын қадағалап, вирусқа шалдықпаған дәл сондай жас ерекшеліктегі төрт миллион адамның жағдайымен салыстырды.

Алынған мәліметтерге сәйкес COVID-19 инфекциясын ауыр өткерген адамдарда өкпе тромбоэмболиясының пайда болу қаупі (өлімге әкелетін тромбтың салдарынан өкпеде қанның тоқтап қалуы) әдеттегіден 290 есе және инфекцияның жеңіл түрінен кейін қалыпты жағдайдан жеті есе жоғары болды.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл вирусқа қарсы вакцинацияның маңыздылығын тағы да дәлелдей түседі. Швециядағы Умео университетінің бас зерттеушісі Анн — Мари Форс Коннолли:

«Вакцинацияланбаған адамдар үшін бұл екпе алуға жақсы себеп — өйткені вакцинасыз [кенеттен өлім] қаупі әлдеқайда жоғары»,-деп мәлімдеді.

Тромбоэмболия-бұл COVID-19-дан кейін адамдарда пайда болатын көптеген жағдайлардың бірі. Бірқатар зерттеулер мұндай асқынулардың пайда болуынан елімізде қолданылып жатқан препараттармен вакциналау мен ревакциналау ғана қорғай алатындығын көрсетті.