АҚШ-та COVID-19-ды дем арқылы анықтайтын алғашқы тест мақұлданды

229

АҚШ-та дәрі-дәрмек пен азық-түлік сапасын санитарлық бақылау басқармасы (FDA) коронавирусты дем арқылы анықтайтын алғашқы тестті мақұлдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агентігіне сілтеме жасап.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, InspectIR COVID-19 тестінің тиімділігі зерттеу нәтижесі арқылы дәлелденген. Зерттеуге коронавирус жұқтырған және жұқтырмаған 2,4 мың адам қатысқан. Нәтижесінде тест коронавирус жұқтырғандарды 91%-ға дәл анықтай алған. 

"Бүгінгі шешім COVID-19-ды анықтау саласындағы жылдам инновациялардың кезекті үлгісі бола алады", - деді FDA радиология және медициналық құрылғылар орталығының директоры Джефф Шурен. 


InspectIR COVID-19 тестінде масс-спектрометрлік детектрі бар газды хроматография әдісі қолданылған. Бұл демдегі химиялық байланыстарды ажырату үшін қажет
.
 
Басқармада жаңа тестті дәрігер кабинетінде, ауруханада, мобильді тестілеу орталықтарында қолдануға болатынын айтты. Ал құрылғының көлемі жүк салатын чемоданмен бірдей. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.