Солтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

237
Бейсенбі күні Солтүстік Корея COVID-19-дың алғашқы жағдайы туралы хабарлады және вирусты бақылау жүйесінің енгізілгенін жариялады, деп жазды Yonhap.

Билік Пхеньяндағы қызуы көтерілген науқастардан алынған сынамалар omicron штамымен бірдей деген қорытындыға келді.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын «күтпеген дағдарысты» еңсеруге уәде берді.

Бұған дейін КХДР-да коронавирус жұқтырған деген күдіктің алғашқы жағдайы тіркелді. Оңтүстік Кореядан оралған ер адамда COVID-19 белгілері анықталды.

Осыған байланысты Кэсон қаласында қатаң карантиндік шаралар режимі енгізілді. Ықтимал ауру адаммен байланыста болғандардың барлығы дәрігердің тұрақты бақылауында болды. Қаланың өзінде аудандар бір-бірінен оқшауланған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.