Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

299
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2229 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 276 054-ке жетіп отыр.

Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 465, 

Алматы қаласы - 612, 

Шымкент қаласы - 74,

Ақмола облысы - 98, 

Ақтөбе облысы - 100, 

Алматы облысы - 226,

Атырау облысы - 93,

Шығыс Қазақстан облысы - 25, 

Жамбыл облысы - 36, 

Батыс Қазақстан облысы - 115, 

Қарағанды облысы - 197,

Қостанай облысы - 29, 

Қызылорда облысы - 32,

Маңғыстау облысы - 31,

Павлодар облысы - 41,

Солтүстік Қазақстан облысы - 33, 

Түркістан облысы - 22. 

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты эпидахуал жөніндегі кеңесте кәсіпкерлер жұмысын жолға қою үшін мамыр айынан бастап шектеулер кезең-кезеңімен алынуы мүмкін екенін айтты. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы еліміздегі мониторинг топтарының жұмысын сынның астына алды. 

"Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді", - деді президент. 

Одан бөлек, денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың үш сценарийін айтты. 
Сонымен қатар, Алексей Цой Қазақстанда коронавирус дертінің өршу себебін түсіндірген еді.