ЕЛІМІЗДЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ПЕН ПНЕВМОНИЯДАН 28 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

310

Фото: Денсаулық сақтау министріКоронавирус инфекциясы мен КВИ белгілері бар пневмонияның құрбандары туралы соңғы мәліметтер шықты.
14 сәуірдегі жағдай бойынша, COVID-19 27 адамның өмірін жалмаған.

Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі 36 868 адам короновирус инфекциясынан (36 393 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатқанын, олардың арасында 12 941 пациент стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде процедура қабылдап жатқанын хабарлады. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

616 адамның жағдайы ауыр; 

168 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

118 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, 15 сәуірдегі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 71 адам коронавирус пневмониясын жұқтырып, 1 адам көз жұмды.

Одан бөлек, аталған дерттен 90 адамның сауығып шыққаны белгілі болды. 2020 жылдың тамызынан бері коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 51695-ке жетіп, 742 адам қайтыс болды, жазылып шыққандар саны 50478.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.