ДДСҰ ресми түрде "үшінші жынысты" мойындамақ
285
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) "жыныс тек ер адамдар мен әйелдерге ғана тән емес" деген тұжырымдаманы жариялау үшін гендерлік мәселе жөніндегі нұсқаулықты жаңартпақ, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ұйымның ресми мәлімдемесінде айтылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылайша өздері "гендерлік және жыныстық әртүрлілікті" мойындай отырып, бинарлы терминдерден бас тартты.
Құжат авторлары өз шешімін тек әлеуметтік және қоғамдық өмірде ғана емес, денсаулық сақтау саласында да гендерлік бейтараптылықты пайдаланудың көбеюімен түсіндірді.
Өзгерістер 2011 жылы жарияланған және денсаулық сақтау қызметкерлері қолданатын гендерлік нұсқауларға әсер етеді. ДДСҰ-ның жаңа нұсқауларында нақты не делінетіні белгісіз, бірақ агенттік өз веб-сайтында өзгерістің себептерін түсіндірді.
"ДДҰ басшылығы гендерлік және денсаулық мәселелеріне қатысты бинарлы емес әдістерден бас тартып, гендерлік және жыныстық әртүрлілікті немесе гендерлік өзгешелік бар екенін және гендер тек ер немесе әйелмен шектелмейді деген тұжырымдаманы мойындайды", – делінген хабарламада.
Daily Mail басылымы мәліметінше, бұл өзгерістерді медицина сарапшылары сынаған. Олар бұл қадамды "ғылыми емес", сондай-ақ, "қорқынышты" деп санайтынын атап өтті.
Мәселен, Ковентри университетінің акушер сарапшысы, профессор Дженни Гэмбл атаған өзгерістерді проблематикалық деп атады.
"Бұл дегеніміз туабітті биологиясынан адамның бас тартуы, демек өрескел қателік. Биология – денсаулық пен ауруға жауап беретін негізі фактор. Биология негіздерін нақты түсінбеу көптеген мәселеге, соның ішінде денсаулық туралы ақпараттандырылмауға, сондай-ақ дұрыс деректердің болмауына әкеліп соғады" – деді ол.
Сонымен қатар, Батыс Сидней университетінің мейірбике ісі және акушерия бойынша сарапшысы, доктор Карлин Гриббл ДДҰ мәлімдемесін ғылыми негіздемесі жоқ деп санайды.
"Еркек пен әйелден бөлек, тағы бір ұғым бары шындығында алаңдатады. Веб-сайт нұсқаулығында "жаңа ғылыми айғақтар мен гендерлік, денсаулық пен даму бойынша тұжырымдамалық жетістіктер ескерілген" деген желеумен жаңарып жатқанын айтады. Дегенмен, екі жыныстан бөлек, үшінші жыныс бар екендігі туралы жаңа ғылыми дәлелдер жоқ", – деді доктор Гриббл.