Қазақстанда маймыл шешегіне қарсы екпе салына ма?

282
Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда маймыл шешегінің таралу қаупі аз екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтайтын ПТР-сынамалар алып қойған. Бұл дерт көбіне Африка елдерінде таралады. АҚШ, Еуропада да науқастар бар.

Мамандардың айтуынша, вирус тым жақын қатынаста болған адамдарға жұғады.

“ДДСҰ ұстанымына сай, халықтың бәріне маймыл шешегіне қарсы екпе салудың қажеті шамалы. Себебі вирус тек жақын қатынаста болған жандарға жұғады. Қоғам арасында тарап кететін инфекция емес. Оған әдетте осал топтағылар шалдығып жатады. Отбасы мүшелері не медицина қызметкерлері сынды науқастармен тығыз байланыста болатындарға екпе салуға болады”, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.