Елімізде вакцина салдырған қазақстандықтар саны 10 миллионға жуықтады

160
 Елімізде вакцина салдырған қазақстандықтар саны 10 миллионға жуықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

24 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 545 704 адам, екіншісін 9 326 883 адам салдырған.
Ал «Pfizer» вакцинасының І дозасын 1 231 786 адам, ІІ дозасын 1 179 559 адам салдырды.
Оның ішінде: І компонент
- Жасөспірімдер – 869 775
- Жүкті әйелдер – 41 334
- Бала емізетін әйелдер – 145 108.
 ІІ компонент
- Жасөспірімдер – 850 757
- Жүкті әйелдер – 39 024
- Бала емізетін әйелдер – 140 434.

Вакцинаның екі компонентін алғандар Қазақстан аумағына ПТР-анықтамасыз кіре береді. Бірақ мұндай жеңілдік Қазақстан азаматтары мен елде тұруға ықтиярхаты бар адамдар үшін көзделген.
Тағы кімдер ПТР-тестен босатылды:  
  • медициналық-әлеуметтік нысандарға, мысалы қарттар үйіне барғанда;
  • облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындары жанданғанда;
  • жұмыс орнына келген вахташылар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде пациентті рәсімдеу және жатқызу кезінде;
  • ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде;
  • мерзімді әскери қызметке шақырылғандар;
  • тергеуге алынған, айып тағылған, сотталған адамдар (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне түскенде);
  • еңбек демалысынан, іссапардан, "больничныйдан" оралған медицина қызметкерлері;
  • практикасын бастайтын медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері.
Егер вакциналау паспорты бар адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болса, ол бұрынғыдай оқшауланбайды, тек медициналық бақылауда болады.
Бұған қоса, кеңседе істейтін қызметкерлер вакцинаның екі дозасын алса, қашықтан жұмыс істеу форматына көшірілмейді.