Елімізде бір тәулік ішінде қанша адам коронавирустан көз жұмды

302

Фото: Денсаулық сақтау министріҚазақстанда тәулік ішінде COVID-19-дан және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 33 адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрлігі ресми telegram-каналында елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар туралы соңғы мәліметтерді жариялады.

Мекеме ұсынған мәліметке сенсек, елімізде дерттен тәулік ішінде қаза тапқандардың саны - 33 адам. Тағы 105 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталғаны хабарланды. Бұл дерттен соңғы тәулікте 3 қазақстандық көз жұмған. Ал коронавирустан 24 сағат ішінде бірден 30 адам қаза тапты. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, пандемия басталғалы коронавирустың құрбаны болғандардың жалпы саны 3668 адамды құрап отыр.

Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 2020 жылдың тамызынан бастап республиканың 794 тұрғыны қаза тапқан. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.