Бес бала хлормен уланып, ауруханаға түсті

247

Павлодар облысында саунаға түскен 5 бала мен 4 ересек адам судағы хлордан уланып, ауруханаға жеткізілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

 Фото: ДСМАқсу қаласындағы саунада үш отбасы жиналып, туған күнін атап өткен. Мерекеге жиналғандар бассейнге шомылып, ондағы шамадан тыс хлордан уланып қалған. Тоғыз адамға, оның ішінде бес балаға медициналық көмек қажет болыпты.


Дәрігерлер тексергеннен кейін үш жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі - 3-сынып оқушысы, екіншісі - 1-сынып оқушысы, ал  үшіншісі - 14 жастағы Германия азаматы.


“Балалар жеңіл уланған. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, олар ауруханадан шығуға дайындалып жатыр”, - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.


Сондай-ақ бес жасар қыз бала мен төрт ересек адам жеңіл дәрежеде уланған. Тағы бір 9 жасар қыздың көзінің айналасын күйік шалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.