Орталық Сайлау Комиссиясы: Жиырма сенатор сайланды

483

Парламент Сенатының депутаттығына әр өңірден 20 сенатор сайланды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сенат сайлауының қорытындысы туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.


"Бұл сайлауда баламалық қағидаты сақталып, кандидаттардың бәсекелес деңгейі жоғары болды. Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан аса үміткерден келді. Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түсті және Сенат сайлауында кандидаттардың және депутаттық мандатқа ие болғандардың басым бөлігі өзін-өзі ұсынушылар болды. Бұл азаматтық қоғамда жеке саяси мүдденің артып келе жатқанын көрсетеді", – деді Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.



Аумақтық сайлау комиссияларының дерегі бойынша, сайлауда дауыс беруге 3167 таңдаушының 2904 немесе 91,7 пайызы қатысқан. Сайлау бюллетендеріне 55 кандидат енгізілді. Облыстар мен қалаларда дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50 пайыздан астам дауысы жиналды.


“Сайлаудың нәтижелері бойынша төменде көрсетілген кандидаттарды алдын-ала дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттар деп тануға болады. Олар:


Абай облысы бойынша – Тастекеев Қайрат Құлбайұлы,
Ақмола облысы бойынша –Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы,
Ақтөбе облысы бойынша –Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы,
Алматы облысы бойынша – Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы,
Атырау облысы бойынша – Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – Өтеғұлов Арман Керімұлы,
Жамбыл облысы бойынша – Арубаев Сәкен Қаланұлы,
Жетісу облысы бойынша – Толамисов Амангелді Ғабдылкерімұлы,
Қарағанды облысы бойынша – Өтешов Серік Балғатайұлы,
Қостанай облысы бойынша – Нұрмағамбетов Ғауез Торсанұлы,
Қызылорда облысы бойынша – Рүстемов Руслан Рүстемұлы,
Маңғыстау облысы бойынша – Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы,
Павлодар облысы бойынша – Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы, 
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша -  Кәрімова Гүлмира Раинбекқызы,
Түркістан облысы бойынша – Қадырбек Мұрат Болатұлы,
Ұлытау облысы бойынша – Медебаев Советбек Тұрсынұлы,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы,
Астана қаласы бойынша – Жексенбай Бибигүл Нұрғалиқызы,
Алматы қаласы бойынша – Асанова Жанна Бейсентайқызы,
Шымкент қаласы бойынша – Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы сайланды. 


Осылайша, сайланған депутаттардың ішінен 3 әйел, 17 еркек, оның орташа жасы 53, 8 жас, 4-еуі қазіргі Парламент Сенатының депутаттары, 5-еуі облыстық мәслихат хатшылары", – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.