Украина Президенті Қазақстанға ерекше алғысын жеткізді

446
Владимир Зеленский еліне көрсетілген гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғысын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңда ықпалдастық мәселесін талқыладық. Сондай-ақ мен Украинаға гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірдім, - деп жазды Владимир Зеленский Telegram-дағы жеке каналында.

Бүгін Украина тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады, - делінген Ақорда мәліметінде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.