Әлихан Смайылов Үкімет басшысы болып қайта тағайындалды

174

AMANAT партиясы ️Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


29 наурызда президент парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынатынын, жауапкершілік те сол партияға жүктелетінін мәлімдеген болатын. Amanat партиясы көп ойланған жоқ. Бүгін мәжіліс спикері, партия төрағасы Ерлан Қошанов Тоқаевтың қабылдауында болды. Аманаттықтар үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловты лайық көрген.


Осыдан кейін мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылады. Парламенттің төменгі палата депутаттары Смайыловтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.


Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев оппозиция премьер-министр кандидатурасына қарсы екенін мәлімдеді.


Осылайша, дауыс бергендердің ішінен оның кандидатурасын 82 депутат дауыс берді. 7 депутат қарсы болса, 8 депутат дауыс беруден шет қалды.


Айта кетсек, Әлихан Смайылов министрлер кабинетін былтырдан бері басқарып келеді.


Еске салсақ, кеше президент жарлығымен үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.


Конституцияның 70-бабы 1-тармағы мен "Қазақстан үкіметі туралы" конституциялық заңының 4-бабы бойынша жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында үкіметтің өкілеттігі доғарылады.


Палатаның төменгі палатасының пленарлық отырысына қатысқан 97 депутаттың дауысы сарапқа салынды.


Смайыловтың кандидатурасын 82 депутат жақтаса, 7 адам қарсы шықты. Тағы 8-і дауыс беруден қалыс қалды.


Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген.

  • 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
  • 1993–1999 жылдары – "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
  • 1999–2003 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
  • 2003–2006 жж. – ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.
  • 2006–2009 жж. – ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰБХ президенті.
  • 2009–2014 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
  • 2014–2015 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
  • 2015–2018 жж. – ҚР Президентінің көмекшісі.
  • 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін – Қаржы министрі.
  • 2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 
  • 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
  • 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.