Мемлекет басшысының Жарлығымен билікте бірнеше тағайындаулар орын алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен министрлікте бірнеше ауыс-түйіс орын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылды.
1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы «Заңгер».
ІІ дәрежелі «Айбын» (2014 ж.) және «Даңқ» (2021 ж.) ордендерімен наградталған.
2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс жасады.
2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.
Президент Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.
1976 жылы Алматы қаласында туған.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
2007 жылы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.
Үйленген, 4 баласы бар.
Сондай-ақ жарлық бойынша, Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
I, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің Орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 40 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы - генерал-лейтенант.
1983 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданының Киров атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне командалық тактикалық басшылық мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1987 жылы бітірді.
1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау мамандығы бойынша тәмамдады.
2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясында мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мамандығы бойынша Жоғары академиялық курстарын аяқтады.
2003 жылы Шымкент қаласының мәслихаты 3-ші шақырылымының депутаты болып сайланды.
1987 және 2006 жылдар аралығында взвод командирінен бастап құрама командиріне дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2006 және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының орынбасары.
2007 және 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.
2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Қолбасшысы.
2013 жылғы 22 қантардан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы.
2014 жылғы 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланынының Бас қолбасшысы.
2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары – Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы.
2022 жылдың қаңтар айынан бері ҚР Қорғаныс министрі.
Ал, Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.
Ахметжанов Марат Мұратұлы 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
1993-1996 жж. – Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жж. – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жж. – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жж. – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001-2003 жж. – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жж. – Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жж.– Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жж.–ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жж. – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жж. – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болды.
2022 жылғы 25 ақпаннан бері Ішкі істер министрі лауазымын атқарып келеді.
«Құрмет» (2008) және ІІ дәрежелі«Даңқ» (2014) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, «Ресей флотына 300 жыл» естелік медалі және «Адмирал Кузнецов» медальдарымен марапатталған.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Президенттің үкімімен Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты: ҚР Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.
1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.
2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.
2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы болып тағайындалды.
Ал, Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.
Серік Жұманғарин 1993 жылы Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын бітірді.
1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "экономика" мамандығы бойынша.
2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
1993 – 2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2005 – 2006 жылдары - Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
2006 – 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
2007 – 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
2008 – 2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2010 – 2011 жылдары - "NadLoc" жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012 – 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013 – 2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі.
2014 – 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2019-2020 жылдары - Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).
2020-2022 жылдары - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
2022 жылғы 15 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2022 жылғы 2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.
Президенттің Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына Роман Васильевич Склярдің кандидатурасы келісілді.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелер ге жауапты:
- экономиканы және өңірлік экономиканы жедел басқару;
- көлік инфрақұрылымы және логистика;
- құрылыс және ТКШ жаңғырту;
- электр энергетикасы, атом энергетикасы, ЖЭК, көмір және атом өнеркәсібі;
- өнеркәсіп, инновация, геология, жер қойнауын пайдалану және экспорттық бақылау;
- қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану;
- су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі;
- төтенше жағдайлар және мобилизациялық жұмыстар;
- жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу;
- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту;
- мұнай-газ секторы және мұнай-химия;
- байланыс, ғарыш қызметі және "Байқоңыр" кешені
- қорғаныс өнеркәсібі.
Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.
1989–1990 жж. "Казпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.
1990 ж. бастап "Вахинвест" бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қаласында.
1990–1999 жж. "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.
1999–2002 жж. "Тыныс" ЖШС директоры, Павлодар қ.
2002–2003 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.
2003–2005 жж. Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.
2005ж. қантардан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
2005 ж. сәуірден бастап Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.
2006 ж. бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
2006–2007 жж. Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2007–2008 жж. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
2008–2010 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2010–2011 жж. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2011–2013 жж. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
2014–2016 жж. "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті.
2016 ж. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2016 ж. мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
2016–2019 жж. — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.
2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.