Түрікменстан Президенті Тоқаевқа Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

278
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ұлықтауға ұсыныс жасады- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі прақшасында жазды.

Түрікменстан Президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірді. – Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы – барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық, – деді Қазақстан Президенті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.