Олжас Ордабаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

483
Олжас Ордабаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Олжас Ордабаев 1989 жылы Алматыда дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Cesar Ritz Colleges Switzerland, Манчестер Метрополитен университетін бітірген.

2007-2014 жылдар аралығында бірқатар қоғамдық ұйымдарды басқарды.

2014-2015 жылдары «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әлеуметтік әріптестік департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.

2015-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП директорының орынбасары, Адами капиталды дамыту департаментінің директоры, басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2018-2022 жылдары – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма Төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі болған.

2022 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті болып жұмыс істеді.