Биіл елімізде қанша ауыл әкімінің сайланатыны белгілі болды

327

Фото: pixabay.comОрталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте осы жылдың соңына дейін Қазақстанда 755 ауыл әкімі сайланатынын жеткізді.
Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты ел халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауға көшу туралы тапсыра бергенін еске салды.


 "Осы жылдың 24 мамырында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау мәселелері жөніндегі заңға қол қойылды. Бұл бастама жергілікті өзін өзі басқару институттарын жаппай енгізу тәжірибесі арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар топтамасын біртіндеп жүзеге асыруға бағытталған", - дейді Константин Петров.
 Оның дерегінше, Қазақстанда 2 346 ауыл әкімі бар. Олар жаңа норма енгізілгеннен кейін өкілеттік мерзімдері аяқталған соң тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болады. 


Константин Петров осы жылдың соңына дейін аталған санатқа кіретін шамамен 775 әкімді сайлау жоспарланып отырғанын жеткізді.


"Осылайша, азаматтардың тікелей сайлау арқылы мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту принципі біртіндеп жүзеге асырылады. Тікелей сайлау арқылы ауылдық аумақтарды басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру процесіне шамамен азаматтардың 40 пайызы тартылады", - дейді төраға орынбасары.