Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Түркия елшісімен кездесу өтті

1 528

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлық және бітімгерлік қызмет саласындағы әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. 


Одан бөлек әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл да айтылды. Сөз арасында өткен жылдың мамыр айында Қазақстан мен Түркия мемлекеттері басшыларының кездесуі шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде жоспарлы түрде дамып келе жатқанын атап өтті.


Кездесу соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов дипломатқа «Мехтеран» түрік әскери оркестрінің «Астана – мәдениет керуені» I Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол бейбітшілік, ынтымақтастық және тату көршілік идеяларын ілгерілетудегі мәдениеттің маңызды екенін атап өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.