Қылмыстық кодекстен Елбасы туралы бап жойылды
Тоқаев Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президент туралы бапты алып тастау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тұңғыш Президентке тіл тигізгені үшін қылмыстық жауапкершілікті болдырмайтын норма "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заңға ілеспе заңдарға енгізілді.
Мұндай заңдардың күшiне енуiне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес жарияланғаннан кейiн 60 күн өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiне қатысты ережелердi қоспағанда, олар жарияланғаннан кейiн 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Айта кетсек, Тұңғыш президент туралы заңда Елбасының иммунитеті туралы бап бар, оған сәйкес оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, жауап алуға немесе жеке тінтуге болмайтын. Тұңғыш Президенттің – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жекеменшігіндегі мүлікке, сондай-ақ ол құрған заңды тұлғалардың мүлкіне шектеулер қойылмайды.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайтыны белгілі болған.