Қазақстандықтар заңды түрде Оңтүстік Кореада жүмыс істей алады

1 863

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қазақстандықтардың енді Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды  “Opennews.kz” ақпарат агенттігі. 


Комитет төрағасының айтуынша, алдымен Оңтүстік Кореяға қазақстандықтардың бару алгоритмі талқыланған арнайы сауалнама толтырылған. Онда азаматтарымызды Оңтүстік Кореяға сапарға дайындайтын арнайы оқу орындары бөлінбек.

«Бастысы, кем дегенде сөйлесе алуы үшін корей тілін қарапайым деңгейде білуі керек. Екіншіден, оларда медициналық тексеріс үлкен маңызға ие. Бұл елде медициналық анықтамалар болуы керек деген талап бар. Үшіншіден, жұмыс істеуге аттанбақшы адаммен нақты келісімдер болады. Жұмысшы еңбек шартына қол қояды. Оның құқығы қалай болады, осы азаматты жіберетін жұмыспен қамту орталығының міндеттері қандай болмақ талқыланады», – деді Асқарбек Ертаев.


Мемлекеттік мекеме Түркия, БАӘ және Ұлыбританиямен де келісімге қол қойды. Онда жұмыс істеуге келген қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау бойынша Германия, Израиль және Катарда да сақталады .

«Жыл басынан бері 194 мың қазақстандық кетті. Оның ішінде 162 мыңға жуық адам Ресейге, 13 мыңы Польшаға, 6 мыңы Оңтүстік Кореяға, 5 мыңы Ұлыбританияға жұмыс істеуге кетті» – деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.