Бюджеттен бөлінген 86 млрд теңгені төрт министрлік игермеген

2 021

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет бөлген қаржыны игермеген министрліктерді атады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Министрдің дерегінше, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке орындалды.


«Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 107 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу – 21 млрд теңге.


Игерілмегені – 86 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары», – деді Ерұлан Жамаубаев.