Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды

2 506

Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлім етті.

«Парижден жағымды жаңалық жетті. ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды», - деп сүйіншіледі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл Комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар. 

«Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады. Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді», - деді Е. Қарин. 

Айта кетсек, бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.