Тоқаев Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Дубайға барды
2 507
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Дубайға барды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді. Мемлекет басшысын БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды", - делінген хабарламада.
Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді, деп күтілуде.