"Мәртәбесіне сай емес": депутат мандатынан айырылып, партиядан шығарылды
Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демократиялық партиясының ұсынуымен мәжіліс депутаты Асқар Садықовты мандатынан айырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында пайда болды.
Партия жетекшісі Азат Перуашев өзінің Telegram-арнасында бұл шешімге "А.Садықовтың депутаттық мәртебеге келмейтін әрекеттері негіз болғанын" айтты.
Мәжіліс отырыстарында Садықов түрлі тақырыптағы депутаттық сауалдарды жиі айтты. Мәселен, жыл басында ол Қазақстан өзінің ұлттық әуе тасымалдаушысы Air Astana компаниясын бақылай алмайтынын айтқан. Ал көктемде депутат еліміздегі алкоголь өндірісін қашан да "Ескі Қазақстанның" адамдары қорғап келгенін мәлімдеді.