Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министріне тапсырма берді

365
Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. 

Осы уақыт аралығында елімізде 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері 65 мыңнан астам шақыртуға барды. 9,5 мың адам құтқарылды, 10 мың адам эвакуацияланды, 3 мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Юрий Ильиннің айтуынша, министрлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. 

Министрлік елді мекендерді, нысандарды және жекелеген тұрғындарды сел мен су тасқынынан алдын ала қорғау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысының Аюсай, Ақсай және Қорғас өзендеріндегі тоспалар мен бөгеттердің құрылыстарын қаржыландырады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.