Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды

2 545

Фото: esquire.kz2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазір Сатыбалдадан тәркіленген мүліктің барлығы мемлекет меншігіне өткен. Олардың жалпы құны 650 миллиард теңгеден асады.

"Қайрат Сатыбалды бойынша елден заңсыз шығарылған 650 млрд теңге (1,4 млрд доллар) мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде әртүрлі мүлік бар", – деді Арман Тілеукенов брифинг барысында.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық қылмыстық істерді тергеу аясында соңғы екі жылда мемлекетке 912 миллиард теңге қайтарған. 

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті, соның ішінде шетелде де сатып алғаны туралы хабарлаған едік. Заңсыз жолмен алған ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банк шоттарына салып отырған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.