Президенттің Жаңа Қазақстанды құру бастамасы – шетелдік саясаткерлердің назарына ілікті
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропалық Парламент делегациясы өкілдерімен кездесті. Тараптар басқосуында шетелдік депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастамаларын үнемі бақылап отыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Еуропарламент делегациясының елімізге келуі - Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси және парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа перспектива іздеуге қосымша серпін беруі тиіс», - деді Мұхтар Тілеуберді.
Еуропалық Парламент өкілдері Президенттің Конституцияға түзетулер енгізу және Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастамаларын үнемі бақылап отыратынын жеткізді.
Сапар аясында Еуропалық Парламент депутаттары ҚР Парламенті Мәжілісі, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және бірнеше министрлік басшыларымен кездесулер өткізеді.