Алматы облысының әкімі тағайындалды

2 511

Фото: АқордаАлматы облысының жаңа әкімі болып Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Жаңа тағайындалған әкім кім?

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов 1983 жылы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол 42 жаста. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген.

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында құқықтану мамандығын және Азаматтық авиация академиясында көлік қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану мамандығын оқыған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Президенттің күзет қызметінің бастығы болды.

2024 жылдың маусым айында Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды.

Марапаттары

«Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.