Мемлекет басшысы «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

1 513

Фото: АқордаМемлекет басшысы «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құжат алғаш рет жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, өткізу және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды дербес заң түрінде реттейді.


Сонымен қатар жылу энергетикасы саласының сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа тетіктерді енгізу және қолданыстағысын күшейту жолымен реттеу жүйесі жаңғыртылды.  


Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары айқындалды.


Бұдан бөлек, аталған сектордың дәйекті және тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін оны ілгерілетудің жоспарлау және жай-күйін бағалау тетіктері енгізілді. Атап айтқанда, Энергетика министрлігі жылу энергетикасының өңірлер, сондай-ақ, өндіріс, тасымалдау, өткізу, тұтыну секторлары бойынша салалық мемлекеттік органдар әзірлеген негізгі және мақсатты көрсеткіштерді бекітеді.


Жылумен жабдықтау жүйесі құрылымдалып, жылумен жабдықтайтын субъектілер мен олардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері реттелген.


Жылумен жабдықтау жүйелері қуаттылығына және тұтынушылардың қосымша жүктемесіне қарай орталықтандырылған, жергілікті және жеке жылумен жабдықтау жүйелері болып бөлінеді.


Сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін тарифтік реттеу, энергия үнемдеуді қолдау, жылу энергетикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тетіктері жаңартылды.


Жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету  талаптары, жөндеу жұмыстарын жүргізу және жылу энергиясы көздерін пайдаланудан шығару шарттары белгіленді. Сонымен қатар жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету талаптары күшейтілді.


Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.