Келесі Президент билік ету мерзімін өзгерте алмайды - министр

227
Елдің келесі президенті де, Парламенттің жаңа құрамы да президенттік өкілеттік мерзімін және Мемлекет басшысын қайта сайлауға салынған тыйымды өзгерте алмайды,-   деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

  


"Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл және президент тек бір рет сайлануы мүмкін деген Конституцияның ережесі өзгермейді. Келесі президент те, кейінгі Парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды", - деп түсіндірді Мусин.


Ол Конституцияда, 94-бапта, 1-ескертпеде өзгермейтін нормалар жазылатынын түсіндірді. Онда елдің аумақтық тұтастығы, Қазақстанның егемендігі, басқару нысаны туралы ережелер жазылған. Енді мұнда президенттік өкілеттік мерзіміне қатысты түзетулер енгізіледі.

"Бұл норманы өзгерту мүмкін емес. Бұл норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалайды. Бұл Конституциялық соттың құрамына байланысты болмайды", - деп түсіндірді министр.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.