Ауғанстанда Қазақстан азаматтары бар ма: Еліміздің сыртқы істер министрлігі жауап берді

434
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Ауғанстанда қазақстандықтар жоқ. Олар ауған жерінен шығып кеткен.

Дегенмен, Ауғанстанда елшілік қызметкерлері бар.

Еске сала кетейік, күні кеше тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды "қантөгіс" жасамай-ақ бағындырған еді. Билікті беру туралы келіссөздер жүргізілді. Ауғанстан президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал тәліптер елде 20 жылдық соғыстың аяқталғанын хабарлады. Дегенмен Кабул әуежайында дүрбелең басталып, мыңдаған адам ауған астанасынан қашуға тырысты.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.