Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойды

2 233

Фото: Ақорда прессМемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақорда Telegram каналында жарияланған Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Құжатта: 

  • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау; 
  • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу; тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу; 
  • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау; 
  • археологиялық ескерткіштердің резерватын құру; 
  • мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру; 
  • қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу; 
  • тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту; 
  • мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу; 
  • туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.  


 Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.