Зеленский Трампты Ресейге қарсы қатаң санкциялар қабылдауға шақырды

2 384

Фото: AP PhotoУкраина басшысы Владимир Зеленский АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты Ресейге қарсы қатаң шектеу шараларын қабылдауға үндеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz " ақпарат агенттігі.

Оның пікірінше, бұл қадам Мәскеуді қарулы қақтығысты толық тоқтатуға итермелеуі мүмкін. Бұл сөз Украина мен Ресей өкілдері арасындағы Стамбулдағы келіссөздер аяқталған соң айтылды.

Стамбулда бір сағаттан астам уақытқа созылған келіссөздер барысында тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде уағдаласты. 1000-1200 адам өз отанына қайтарылуы мүмкін. Сонымен қатар, Украина делегациясы Ресейге күштеп әкетілген балалардың тізімін тапсырды. Украина президентінің кеңесшісі Ермактың айтуынша, балаларды елге қайта әкелу — "әділ және тұрақты бейбіт келісімнің негізгі бөлігі әрі сенімге алғашқы сынақ". Украина қорғаныс ведомствосының басшысы Рустем Умеров Киев ұстанған үш басты талапты атады: атысты үш айға толық тоқтату, барлық әскери тұтқындарды босату және ұрланған балаларды елге қайтару. Бұдан бөлек, Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путиннің жеке кездесу өткізуі ұсынылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.