Республика күні қарсаңында ел азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, қоғам мен мемлекет мүддесіне сіңірген еңбегі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер салаларының өкілдері, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Солтүстік Қазақстан облысындағы механизатор М.Қаражұмановқа және Қарағанды облысындағы шахта басшысы С.Чернобайға берілді.
«Отан» орденімен – кәсіпкер А.Касицин,
«Барыс» орденінің түрлі дәрежелерімен – ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен қоғам өкілдері марапатталды.
Сондай-ақ «Парасат», «Құрмет», «Ел бірлігі», «Еңбек Даңқы» ордендерімен түрлі сала мамандары мен этномәдени бірлестік жетекшілері ие болды.
Белгілі ақындар, жазушылар мен өнер қайраткерлері «Қазақстанның халық әртісі», «Халық жазушысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атақтарына лайық деп танылды.
Ғылым мен техника, археология және гуманитарлық ғылымдар саласында үздік жетістікке жеткен ғалымдарға Мемлекеттік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар әскери борышын адал атқарып, ерлік пен жанқиярлық көрсеткен әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Даңқ», «Айбын» ордендерімен және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Айта кетсек, биылғы марапаттау рәсімі Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтті. Республика күні қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген мыңнан астам қазақстандық — жұмысшылар, ұстаздар, дәрігерлер мен кәсіпкерлер ел Президентінің қолынан мемлекеттік наградалар алды.







