Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен кетеді

1 511

Фото: Іnstagram.com/pro_tasmagambetovaҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты қызметінен кетеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

27 қараша күні Бішкекте Сыртқы істер министрлері, Қорғаныс министрлері және Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірлескен отырысында ұйымның жаңа бас хатшысы алдағы үш жылға таңдалады.

ҰҚШҰ мәліметінше, жиында есірткіге қарсы күрес, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланады. Сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясында ортақ қауіпсіздік ұстанымдарын қамтитын декларация қабылданбақ. 2026 жылы Ресейдің төрағалығы кезеңінде жүзеге асырылатын басымдықтар да жария етіледі.

Иманғали Тасмағамбетов мемлекеттік қызметтің түрлі бағыттарында ұзақ жылдар еңбек еткен. Ол Қазақстанның премьер-министрі, Астана және Алматы қалаларының әкімі, қорғаныс министрі, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы елші қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымын иеленіп келді.