Өскемен әкімінің неліктен айыппұлдың жартысын ғана төлегені белгілі болды

435
Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері Өскемен әкімінің айыппұлды қалай төлегенін айтты.

Бұған дейін Жақсылық Омар қоғамдық орында маска тақпағаны үшін айыпталған еді. 
Департаменттің мәлімдеуінше, оған жеке тұлға ретінде 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынған. Ал қала әкімі 43 755 теңге (15 АЕК) төледі. 

«Айыппұл бір апта ішінде төленген жағдайда 50% жеңілдік жасалады», — деп түсіндірді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Депутат Еңбек кодексі мен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізілген түзетулер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылмайтынын атап өтті. Олардың салалық заңдарында мұндай нормалар мүлдем жоқ. 

«Біздіңше, қабылданған шаралар одан әрі жүйелі және дәйекті дамытуды қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздің құқық қорғау қызметі туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, арнаулы мемлекеттік органдары туралы салалық заңдарда шет мемлекеттің азаматтығы қызметтен шығару үшін дербес негіз ретінде қаралмайды», — деді Нұржан Нұрсипатов. 

Сенатор сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкері өзі не отбасы мүшелерінің бірі өзге елдің азаматтығын алуға шешім қабылдағаннан бастап басшылығын хабардар етуі тиіс.