«Әділет» партиясының тарихи миссиясы – жаңа Конституция қағидаттарын нақты саясатқа айналдыру
Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі кезеңді Қазақстанның саяси дамуындағы жаңа дәуірдің бастауы деп бағаланып, партияның алдағы саяси бағыты мен негізгі міндеттерін таныстырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Партия төрағасының айтуынша, бүгінгі съезд – қатардағы ұйымдастырушылық жиын емес, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі Қазақстандағы алғашқы ірі саяси оқиғалардың бірі.
1-ші шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияны Қазақстанның мемлекеттік-саяси жүйесін жаңғыртқан тарихи құжат ретінде бағалады. Оның сөзінше, бұл құжат азамат пен мемлекет арасындағы қоғамдық келісімді жаңа деңгейге көтеріп, әділеттілікке, заң үстемдігіне, адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға негізделген саяси жүйенің іргетасын қалаған.
«Әділет» партиясы жаңа Конституцияның құндылықтарын қоғамдық саясатқа, жүйелі реформаларға және әрбір азамат сезіне алатын нақты нәтижелерге айналдыруды өзінің тарихи миссиясы деп санайды. Съезде партияның жаңартылған жарғысы, сайлауалды бағдарламасы және Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Партия төрағасы қабылданған құжаттардың алдағы бес жылдағы партия қызметінің негізгі бағытын айқындайтынын атап өтті.
Саяси күш ең алдымен «елді қайда бастайды және оған қалай жетеді?» деген сауалға нақты жауап беруі қажет. Осы тұрғыдан алғанда, партияның жаңа бағдарламасы Қазақстанның алдағы бес жылдағы даму бағытын айқындайтын тұжырымдамалық құжат ретінде әзірленген. Сонымен қатар ол сайлауалды бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бастамалары, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, партия өткізген стратегиялық сессиялар, сарапшылардың ұсыныстары мен азаматтардың пікірлері негізінде дайындалғанын айтқан. Партия төрағасының сөзінше, мыңдаған ұсыныстың ішінен елдің ұзақмерзімді дамуына ықпал ететін стратегиялық шешімдер іріктелген. Бағдарламаның басты ерекшелігі – мемлекеттік аппараттың емес, қарапайым азаматтың мүддесіне бағытталуында.







