Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады

455
Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

"Біріншіден, Конституцияда Тұңғыш Президенттің жаңа мәртебесі бекітілмейді, тек оның тарихи рөлі нақтыланатынын атап өткім келеді.
Сонымен бірге, жұмыс тобының бастамасымен Тұңғыш Президенттің өкілеттіктеріне қатысты барлық норма Конституциядан алып тасталады.
Осыған сәйкес Тұңғыш Президент - Елбасы туралы конституциялық заң алдағы уақытта күшін жояды", -
деді Ермек Әбдірасулов.


Бұған дейін Әбдірасулов еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі Қазақстан Конституциясында сақталады деп мәлімдеген болатын.

Кейін конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасында Елбасының конституциялық өкілеттіктері туралы баптарды алып тастау ұсынылғанын айтқан.






OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.