Тоқаев Тәжікстан парламентінің спикерін қабылдады

268
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті қазіргі сын-қатерлер жағдайында жоғары дәрежеде орнықтылық көрсетіп отырған қазақ-тәжік ынтымақтастығының оң қарқынын атап өтті. Бұған мемлекеттер басшылары деңгейіндегі белсенді саяси диалог және үкіметтердің үйлесімді жұмыстары септігін тигізуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тәжікстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты байланыстарды кешенді түрде нығайтудың басты бағдары болатынын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонға жүрекжарды сәлемін және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның жуырда Душанбеде өткен саммиттерін сапалы ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын жолдады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.