Қазақстан мен түркі елдері Ауғанстандағы ахуалға қатысты бірлескен мәлімдеме қабылдады

272
Ыстамбұлда Түркі кеңесі елдерінің сыртқы істер министрлері бірлескен отырыста кездесті. Олар Ауғанстандағы жағдайды талқылады, сонымен қатар бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің Ауғанстандағы ахуал жөніндегі Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты.  

"Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерге, бірінші кезекте гуманитарлық салада және БҰҰ-ның орталық үйлестіру рөлінде өз үлесін қосуды жалғастырады", - деді Қазақстан СІМ басшысы. 



Тараптар терроризмнің таралу, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және босқындар легі тәуекелдерін ескере отырып, жағдайдың одан әрі дамуына мониторинг жүргізу қажеттігін айтты. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.