Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

2 333

Фото: gov.kz32 жастағы Асылбек Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жас вице-министрдің тағайындалғаны туралы қаулыны үкіметтің баспасөз қызметі жариялады. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ахметжанов Асылбек Амантайұлы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Асылбек Ахметжанов 1993 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар:

– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Есеп және аудит" мамандығы бойынша;

– Қазақ технология және бизнес университетінде "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша.

Мемлекеттік қызмет жолын 2016 жылы бастаған. Цифрландыру және электронды мемлекеттік қызметтер саласындағы түрлі департаменттерде сарапшы, басшы қызметтерін атқарған.

2025 жылғы ақпан айынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформацияның архитектурасы және саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.