Ерлан Қошанов мәжіліс депутаты болып сайланды

481

Орталық сайлау комиссиясы мәжілісте босаған депутаттық мандатты Ерлан Қошановқа беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын", - делінген ОСК қаулысында.

Айта кетері, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш бергені белгілі болды. Осыған орай орталық сайлау комиссиясы бұл мәселені мәжіліс қарауына енгізді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.