"Мұндай сценарий қарастырылған жоқ": Энергетика министрлігі КҚК туралы мәлімдеме жасады

2 507

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің ресми Telegram-арнасында атап өтілгендей, жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алайда мұндай сценарий қарастырылып отырған жоқ, дейді ведомство өкілдері.

"31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда.

️1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады.

️Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай тұрақты бақылауда", - делінген министрлік хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.