« Тәртіпсіздік кезінде Тоқаевқа тек ішкі істер министрі адалдық танытқан»

335

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүлік кезінде 20 мың лаңкес шабуылдағаны жайында мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Экс-кеңесші содырлардың бірнеше жоспары болғандығы және де солардың бірі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қорқыту екендігін де атап өтті. Ол туралы “Бажкеноваға жауап” бағдарламасына берген сұхбатында айтқан болатын.

Содырлар президентке қысым көрсетсек ол елден қашып кетеді деп ойлады. Сол себептен түрлі әрекеттерге барды. Ұстау операциясы жүргізілген 20 мың террорист туралы мәліметті президентке ҰҚК бұрынғы басшылығы берген болатын. Сонымен қатар Елордада бірнеше содырлардың бары және олардың Ақордаға шабуыл жасауды жоспарлағаны туралы көптеген ақпараттар таратылған. Президент түрлі анықталмаған ақпараттардың ортасында қалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа күш құрылымдары толық опасыздық жасаған”,-деді Ертісбаев.

Саясаттанушының айтуынша, сол кезде Тоқаевты қолдаған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ғана болды және кейін ол өз орнын сақтап қалды.

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестік топтардың ұйымдаса, дайындықпен әрекет еткенін жеткізген болатын. Алматыдағы теракт әрекетінің алты толқыны болып, 20 мың адам қатысқанын айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.