« Тәртіпсіздік кезінде Тоқаевқа тек ішкі істер министрі адалдық танытқан»

336

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүлік кезінде 20 мың лаңкес шабуылдағаны жайында мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Экс-кеңесші содырлардың бірнеше жоспары болғандығы және де солардың бірі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қорқыту екендігін де атап өтті. Ол туралы “Бажкеноваға жауап” бағдарламасына берген сұхбатында айтқан болатын.

“Содырлар президентке қысым көрсетсек ол елден қашып кетеді деп ойлады. Сол себептен түрлі әрекеттерге барды. Ұстау операциясы жүргізілген 20 мың террорист туралы мәліметті президентке ҰҚК бұрынғы басшылығы берген болатын. Сонымен қатар Елордада бірнеше содырлардың бары және олардың Ақордаға шабуыл жасауды жоспарлағаны туралы көптеген ақпараттар таратылған. Президент түрлі анықталмаған ақпараттардың ортасында қалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа күш құрылымдары толық опасыздық жасаған”,-деді Ертісбаев.

Саясаттанушының айтуынша, сол кезде Тоқаевты қолдаған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ғана болды және кейін ол өз орнын сақтап қалды.

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестік топтардың ұйымдаса, дайындықпен әрекет еткенін жеткізген болатын. Алматыдағы теракт әрекетінің алты толқыны болып, 20 мың адам қатысқанын айтты.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.