4 министр бөлінген қаражатты уақытылы игере алмай жатыр
398
Денсаулық сақтау (Ажар Ғиният), Мәдениет және спорт (Дәурен Абаев), Сыртқы iстер (Мұхтар Тілеуберді) және Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері (Серікқали Брекешов) бюджеттен бөлінген қаражатты уақтылы игере алмай жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қаңтар мен наурыз аралығында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99%, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,5%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,8%-ке атқарылды.
Оның айтуынша, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы iстер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты.

“Республикалық бюджет бойынша сомасы 4 трлн теңгеге жуық шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 20 млрд теңгені құрады, оның ішінде 5 млрд теңге үнемделді. Игерілмегені - 15 млрд теңге”, - деді Ерұлан Жамаубаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы iстер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты.
“Игерілмеудің негізгі себептері: шарттарды ұзақ жасасу, төлем негізділігін растайтын құжаттардың жоқтығы немесе ұсынылмауы, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмеуі, есепті айда қаражат жұмсау қажеттілігінің болмауы”, - дейді ол.