Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды

681
Бүгін Қызылорда қаласының жаңа әкімі  Шаменов Асылбек Өмірбекұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Шаменов Асылбек Өмірбекұлы 8 шілде 1978 жылы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келді.


1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық туризм мамандығы бойынша бітірді;


2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Газ және мұнай кен орындарын игеру» мамандығы бойынша;


2014 жылы - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Технология және технологиялар» мамандығы бойынша бітірді.



Еңбек жолы:


1999 жылы «Қызылорда Интеграция» ЖШС менеджері қызметінен бастаған;


2000-2006 ж.ж. - «Жібек жолы» компаниясының туристік менеджері, Қызылорда қаласында салынып жатқан газдандыру нысандарының дирекциясының жетекші инженері;


2006-2009 ж.ж. - Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші, бас маманы;


2009-2012 жж. Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы;


2012-2015 жж. - Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, кафедра меңгерушісінің орынбасары;


2015- 2018 жж. - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;


2018- 2020 ж.ж.- Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы.


2020 жылдың 18 наурызынан бастап Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.